Сейсенбі, 25 қараша, 11:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен шекарада ауқымды логистикалық хабтарды іске қосады

25.11.2025

38 0

Фото: BAQ.KZ

Қазақстан Өзбекстанмен шекарада елдер арасындағы «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы құруда. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, аталған кооперация құру тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізуге арналған.

Қорғас торабы арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие. Оның құрамына: «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы арнайы экономикалық аймағы, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы кіреді. «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығы арнайы экономикалық аймағы аумағында жалпы сомасы 234,4 миллиард теңге болатын 41 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 17 миллиард теңгеге сегіз жоба пайдалануға берілді. Отыз үш жоба 2027 жылға дейін іске асырылады, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Белгілі болғандай, «Қорғас-Шығыс қақпасы» экономиқалық аймақта 64 қатысушы тіркелген.

Бүгінгі таңда жалпы сомасы 58,6 млрд теңгеге, 32 инвестициялық жоба іске асырылды. 2300-ге жуық жұмыс орны құрылды. Инвестиция көлемі 848,6 млрд теңгені құрайтын тағы 32 жоба бар, онда 5000-нан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның ішінде «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы»; 4 – жел энергетикасы қондырғыларын, электр энергиясын сақтау және жинақтау жүйелерін шығаратын зауыт, металл бұйымдарын өндіру зауыты бар, кофе және шай сусындары зауыты бар, – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: