Топ-баннер2

Жұма, 13 наурыз, 19:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан шикі қант импортын шектеуі мүмкін

13.03.2026

35 0

Фото:  kursiv.media

Ауыл шаруашылығы министрлігі елде қайта өңдеуге арналған 100 мың тоннаға дейін шикі қантты импорттауға рұқсат беруді ұсынды. Жоба «Ашық НҚА» порталына жарияланып, 17 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Жобаның мәні

Заң жобасын Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі. Жоба бойынша, елге әкелінетін шикі қант басқа мақсатқа емес, тек қайта өңдеуге ғана жұмсалатынын қалай тексеру керегін көрсетеді. Бұл тексеруді агроөнеркәсіп саласын бақылау құзыреті бар уәкілетті орган жүргізеді.

Сондай-ақ, құжат жобасында импорт көлемінің шегі белгіленген. Ұсынылып отырған нормаларға сәйкес, Қазақстанға 100 мың тоннадан аспайтын шикі қантты әкелуге рұқсат беріледі.

Бұл шара Қазақстандағы қант өндірушілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап көрсетілген.

Айта кетейік, қазір азық-түлік секторында 12 бағыт және азық-түлікке жатпайтын секторда 24 бағыт айқындалған. Олардың қатарында ет, сүт, құс еті, астық, қант, жеміс-көкөніс және балық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу, жылыжай кешендерін дамыту, көкөніс сақтау инфрақұрылымы мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу бар. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: