2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) аясында бензин бағасы қымбаттауы тұрғынсынан жағынан бірінші орынға шықты, – деп хабарлайды kursiv.media
Евразиялық экономикалық комиссияның статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, елімізде жанармай құны бір жылда 15,7%-ға қымбаттаған.
Баға өсімі бойынша Қазақстаннан кейінгі орынға Қырғызстан (+15,1%) мен Ресей (+10,8%) жайғасса, Арменияда керісінше бағаның аздап төмендеуі (-0,8%) байқалған.
Дегенмен, бағаның мұндай қарқынмен өсуіне қарамастан, Қазақстан бензині одақ ішіндегі ең арзан жанармай болып тұр.
Бір литріне орташа есеппен 0,46 доллар құрайтын баға – көршілес елдермен салыстырғанда екі есе, ал Армениямен салыстырғанда үш есе төмен көрсеткіш.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
