Дүйсенбі, 02 наурыз, 13:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша 19 млн тонна көмір қажет

02.03.2026

52 0

Фото: shutterstock.

2032 жылға қарай Қазақстанда жаңа өндірістік жобаларды іске қосу үшін энергетикалық көмірге деген сұраныс жылына қосымша 19 млн тоннадан асады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың ірі көмір өндіруші компанияларымен өткен кеңесінде мәлім болды, – деп хабарлайды  kursiv.media

Сұранысты өтеу мақсатында саланы кешенді дамытуға бағытталған жаңа Ұлттық жоба әзірленуде. Құжат 33 млрд тоннадан асатын көмір қорын тиімді пайдалануды, инвестиция тартуды және инфрақұрылымды жаңғыртуды көздейді.

Ірі компаниялардың жоспары қандай

«Богатырь Көмір» ЖШС: 2032 жылға қарай өндіріс көлемін 56,5 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Осы кезеңге дейін циклді-толассыз технология (ЦТТ) нысандарын салуға және өндірісті цифрландыруға 360 млрд теңге бағытталады. «Богатырь Көмір» кәсіпорнының басқару құрылымы ерекше. Компания нидерландылық Forum Muider B.V. фирмасына тиесілі болғанымен, оның акцияларын Қазақстанның мемлекеттік «Самұрық-Энерго» холдингі мен ресейлік «РУСАЛ» компаниясы 50/50 үлесімен тең бөлісіп отыр.

«Шұбаркөл Көмір» АҚ: 2026 жылы өндірісті 16,1 млн тоннаға жеткізуді көздейді. 2032 жылға дейінгі стратегия аясында техникалық жарақтандыруға және роботтандырылған жүйелерді енгізуге 95,5 млрд теңге инвестиция салады.

«Шұбаркөл Көмір» кәсіпорны ERG (Eurasian Resources Group) тобының құрамына кіреді. Бұл топтың 40%-ы Қазақстанның Қаржы министрлігіне тиесілі болса, қалған үлесі Александр Машкевичтің мұрагерлері (20,7%), Ибрагимовтар отбасы (20,7%) және Патох Шодиевке (18,6%) тиесілі.

Бұғант дейін Forbes тізіміндегі байлардың көмір кен орындарына айыппұл салынған.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: