Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда 1 ақпаннан кейін кейбір банкноттар жарамсыз болады

22.01.2021

10682 0

1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары ескі банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады

Қазақстанда 1 ақпаннан кейін кейбір банкноттар жарамсыз болады

Қазақстанның ұлттық банкі 2021 жылдың 1 ақпанында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталатынын еске салды.

«Халықтың өтінішін ескеріп, банкноттарды қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, негізінен, зейнеткерлер белгілі бір себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген», – деп мәлімдеді Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
1 ақпаннан бастап Ұлттық банктің филиалдары 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдауды және айырбастауды тоқтатады.

Қазақстанда 1 ақпаннан кейін кейбір банкноттар жарамсыз болады

Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтардан 1 ақпанға дейін ескі банкноттарды ұлттық валютаның жарамды ақшасына айырбастап алуды сұрады.

Жеке тұлғалар банкноттарды Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбастай алады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері сайтта көрсетілген.

Қазақстанда 1 ақпаннан кейін кейбір банкноттар жарамсыз болады

21 қаңтардағы жағдай бойынша банкноттарды ауыстыруға ең көп сұраныс білдіргендер Алматыда (23,6%), Нұр-Сұлтанда (9,2%) Шымкент қаласы мен Түркістан облысында (8,5%) тіркелді. Бұл ретте айырбастауға қабылданған барлық банкноттың 42,4%-і 10 000 теңгелік номиналға тиесілі. Одан кейін номиналы 2 000 теңгелік (30,6%) және 5 000 теңгелік (27,0%) банкноттар.

sputnik.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: