Жексенбі, 11 қаңтар, 08:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2 (2214)
10.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда 2026 жылы утиль алым қаншаға өсті

10.01.2026

72 0

Фото: Ru.freepik.com

2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда көлік құралдарын әкелу кезінде утилизациялық төлемдерді есептеу тәртібі өзгерді. Kolesa.kz порталының мәліметінше, бұл айлық есептік көрсеткіштің 4 325 теңгеге дейін өсуіне байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төлемнің базалық мөлшерлемесі айлық есептік көрсеткішке (50 АЕК) байланғандықтан, утиль алымның мөлшері де соған сай артты. Енді ең төменгі мөлшері шамамен 216,3 мың теңге.

Қазақстандағы жеңіл көліктерге арналған утиль алым мөлшері

Жеңіл автокөлік иелері үшін (M1 санаты) төлем көлемі қозғалтқыштың көлеміне байланысты. Электромобильдерге бұрынғыдай жеңілдік сақталып, утиль алым 0 теңге болып қалады. Ал іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктер үшін мынадай мөлшерлемелер қолданылады:

  • 1 000 см³ дейін –  324,4 мың теңге;
  • 1 000 см³-тен 2 000 см³-ке дейін – шамамен 757 мың теңге;
  • 2 000 см³-тен 3 000 см³-ке дейін – 1,08 миллион теңге;
  • 3 000 см³-тен жоғары – шамамен 2,49 миллион теңге.

Жүк көліктері мен автобустарға арналған утиль алым мөлшері

Жүк көліктері үшін негізгі фактор – жалпы салмағы. Төлем мөлшері мынадай аралықта белгіленген:

  • 2,5 тоннаға дейін — 757 мың теңге;
  • 20 тоннадан жоғары — 4,43 миллион теңге.

Ершікті автомобиль-тартқыштар жеке санатқа бөлініп, олар үшін утиль алым мөлшері 2,37 миллион теңгеден асады. Ал автобустар үшін төлем көлемі 865 мың теңгеден 2,9 миллион теңгеге дейін өзгереді.

2026 жылы утильсборды қалай рәсімдеуге болады

Өтінім Recycle.kz порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, онлайн түрде беріледі. Утиль алымды кідіріссіз қабылдау үшін қажетті құжаттар пакетін алдын ала дайындаған жөн:

  • ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден әкелінген көліктер үшін: кедендік декларацияның көшірмесі, шекарадан өткені туралы талон, Көлік құралының қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы сертификат немесе Көлік құралының типін мақұлдау туралы куәлік. Қосымша ретінде инвойс пен Халықаралық автомобиль жүк тасымалына арналған жүкқұжатары (CMR) сұралуы мүмкін.
  • ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения) әкелінген көліктер үшін: Көлік құралының паспорты немесе Көлік құралының тіркеу куәлігі сканер нұсқалары, Көлік құралының қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы сертификат немесе Көлік құралының типін мақұлдау туралы куәлік, қабылдау-тапсыру актісі және VIN-нөмірі көрсетілген көлік жүкқұжаты.

“Жасыл даму” мамандары өтінімдерді бір жұмыс күні ішінде қарайды. Құжаттардағы кез келген қате өтінімді кері қайтарылуы мүмкін. Тәжірибелі импорттаушылар төлемді екінші деңгейлі банктердің кассалары арқылы жасауға кеңес береді. Бұл онлайн аударымдарға қарағанда жылдам әрі сенімдірек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: