Сәрсенбі, 22 қазан, 11:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда 274 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды

22.10.2025

106 0

Фото: freepik

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде 51 мың отбасының құрамындағы 274,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Бұл мақсатқа жалпы сомасы 24,6 млрд теңге бөлінді. Биылғы жылы АӘК төлеуге республикалық бюджеттен 98,4 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару, яғни ақшалай төлемдермен қолдау көрсетіп қана қоймай, еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту шараларына тарту болып табылады.

АӘК аясындағы қолдау бағыттары:

  • Табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындалады;
  • Табысы төмен отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем беріледі.
    2025 жылғы 1 қазанға дейін 84,6 мың мектепке дейінгі балаға жалпы сомасы 3,2 млрд теңге төленді;

Жұмыспен қамту шаралары – жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу және басқа да бағыттар арқылы жүзеге асырылады.

Өтініш беру тәртібі:

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін азаматтар өтінішті өз тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауылдық округ әкімдігінде немесе Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы онлайн түрде бере алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: