Сенбі, 25 қазан, 23:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда 37,8 млн тонна мал азығы дайындалды

25.10.2025

49 0

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сүйенсек, елімізде барлығы 37,8 млн тонна мал азығы дайындалған, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде: 25,0 млн тоннасы шөп (101,9%), 1,9 млн тоннасы пішендеме (112,9%), 3,9 млн тоннасы құрама жем (71,7%), 2,0 млн тоннасы сүрлем (102,3%), 4,8 млн тоннасы сабан (101,7%).

Жоспардың орындалуы бойынша Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары, Ұлытау және Жетісу өңірлері ең жоғары нәтиже көрсеткен.

Дайындалған мал азығының көлемі 2025–2026 жылдардағы мал қыстату науқанын қолайлы өткізуге және мал шаруашылығы кәсіпорындарын тұрақты түрде жем-шөппен қамтамасыз ету үшін қажетті қор жасауға мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: