«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Қазақстанда бірқатар есептік көрсеткіш мөлшері өсті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Сонымен, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда есептік көрсеткіштер мөлшері мынадай болады:
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20 191 теңге (бұрын – 19 450 теңге);
- ең төменгі зейнетақы – 48 032 теңге (бұрын – 46 302 теңге);
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 180 теңге (бұрын – 3 063 теңге);
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 теңге (бұрын 36 018 теңге).
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!