Сәрсенбі, 05 қараша, 21:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларға бақылау күшейтілуде

05.11.2025

54 0

Фото: BAQ.KZ архиві

Сауда министрлігі баға өсімін тежеу үшін ерікті келісімдер жасау бастамасын көтерді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қазан айының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасын тұрақтандыру және ішкі нарықты өніммен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік реттеу аясындағы 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы тұрақты деңгейде қалып отыр. Күздің басынан бері олардың индексі шамалы ғана өзгерген: тамызда – 0%, қыркүйекте – 0,2%, қазанда – 0,2%.

Бағаның тұрақтылығын сақтау үшін отандық өндірушілер мен сауда желілерімен тікелей өзара іс-қимыл жолға қойылған. Апта сайын баға мониторингі жүргізіліп, сауда үстемеақыларының шекті мөлшерін сақтау қатаң бақыланады. Қазан айында 400-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, соның ішінде «Береке Fest» және «Republic Day» акциялары отандық өнімдердің қолжетімділігін арттыруға және бағаның өсуін тежеуге ықпал етті, – делінген министрліктің хабарламасында.

Кеңес барысында азық-түлік инфляциясына әсер ететін негізгі факторлар қарастырылды. Мемлекеттік реттеуге кірмейтін, бірақ тұтыну себетіне енетін 160-тан астам азық-түлік тауарының бағасын тұрақтандыру шаралары жеке талқыланды.

Сонымен қатар өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелері көтерілді. Бұл бағытта жемшөп базасын дамыту және негізгі шикізат түрлері – шикі сүт, күнбағыс тұқымы мен дәнді дақылдар бағасын тұрақтандыру тетіктері айтылды.

Бөлшек саудадағы баға өсімін тежеу және нарықтағы болжамдылықты сақтау мақсатында ірі өндірушілер мен импорттаушылармен ерікті түрде баға белгілеу жөнінде келісімдер жасау ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы субъектілерін субсидиялау қағидаларына өндірілген өнімнің кемінде 50 пайызын ішкі нарықта өткізу талабы енгізілмек. Бұл қадам ішкі нарықты отандық әрі қолжетімді өнімдермен толықтыруға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңеске қатысушылар сондай-ақ сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесін талқылап, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түрікменстаннан жеміс-жидек пен көкөніс жеткізу үшін «жасыл дәліз» тетігін енгізу бастамасын қолдады. Бұл маусымдық баға ауытқуларын азайтып, жаңа өнімдердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ жекелеген тауар нарықтарында бағаның күрт теңгерімсіздігі немесе алыпсатарлық белгілері байқалған жағдайда, монополияға қарсы органның уақытша баға тұрақтандыру шараларын енгізу мүмкіндігі талқыланды.

Әлеуметтік маңызы бар және басқа да азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмысы ведомстволар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту және нарықтағы жағдайды тұрақты бақылау арқылы жалғасады

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: