Сейсенбі, 11 қараша, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артты

11.11.2025

42 0

Фото:- архив

Қазақстанда алтын қорының көлемі 98 тоннаға артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, қазіргі таңда ел аумағында 103-тен астам түрлі пайдалы қазба және 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған.

2 907-ден астам лицензия және 251-ге жуық қатты пайдалы қазбалар бойынша келісімшарт бар. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде алғаш рет Көк-Жон (Болаттобе учаскесі), Алтын-Шоко, Самомбет, Студенттік және Тақыр-Қалжыр кен орындары мемлекеттік есепке алынды. Қор көлемі 98 тонна алтынға, 36 мың мысқа, 11 млн тонна марганецке және 1,3 млн тонна фосфоритке артты, – деп атап өтті ведомство өкілі.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылы ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуін 2 млн 200 мың шаршы километрге дейін кеңейту көзделген.

Бүгінде 2 млн 14 мың шаршы километр аумақ зерттеліп отыр. Жыл соңына дейін бұл көлем 2 млн 38 мың шаршы километрге дейін ұлғайтылатын болады, – деді вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: