Бейсенбі, 09 сәуiр, 12:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25 (2237)
07.04.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда астық пен ұн экспорты 9,9 млн тоннаға жетті

09.04.2026

28 0

Фото: akorda.kz

2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейінгі аралықта астық пен ұн экспорты (астық баламасында) 9,9 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы осы кезеңінде бұл көрсеткіш 8,7 млн тонна болған. Бұл сыртқы нарықтарға жеткізілім көлемінің артқанын көрсетеді.

«Мәселен, Өзбекстан еліне астық экспорты 15%-ға өсіп, 7,3 млн тоннадан 8,4 млн тоннаға жетті. Қырғызстан бағытына 1,7 есеге ұлғайып, 233 мың тоннадан 393 мың тоннаға артты»,- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, Ауғанстан бағыты бойынша экспорт 35%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін жетті. Түрікменстан еліне жөнелтілімдер де 1,5 есеге көбейіп, 105 мың тоннадан 156 мың тоннаға ұлғайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: