Бейсенбі, 08 қаңтар, 19:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда бағаны негізсіз көтергендерге 55 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

07.01.2026

81 0

Фото: freepik.com

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге 55 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қаңтардан бері күшейтілген тексеріс барысында жүздеген дүкенде заңбұзушылық анықталып, билік бағаны қатаң бақылауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

1 қаңтардан бастап елдің барлық өңірінде сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттері әкімдіктермен бірлесіп 600-ден астам сауда нысанын тексерді. Олардың қатарында ірі сауда желілері мен шағын дүкендер бар. Мониторингке жергілікті атқарушы органдар, салалық басқармалар және бизнес өкілдері тартылған. Бақылау аясында баға, тауардың қолжетімділігі және қоймадағы қор көлемі қаралды.

1 қаңтар күні сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елордадағы ірі сауда желілерін өзі аралап, негізгі азық-түлік бағаларының белгіленген шекті үстемеден аспауын тексерді.

Ұлытау облысында облыс әкімі Дастан Рыспековтің жетекшілігімен «Самади» гипермаркетінде мониторинг жүргізілді. Тексеру барысында ұн, нан, сүт, қант, күріш, күнбағыс майы секілді бірінші кезектегі тауарлардың бағасына назар аударылды.

Қызылорда облысында бақылау 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күндері облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің басшылығымен өтті. Облыс орталығындағы «Сыбаға», «Small» және «Қызылорда» сауда желілерінде тексеру жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов Орал қаласындағы сауда орындарын аралады. Ал 6 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы дүкендердегі бағаны тексерді. Облыс әкімінің айтуынша, өңірде бағаны тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қоры пайдаланылып жатыр. 

2025 жылы оның қаржыландыру көлемі 2,9 миллиард теңге  болып, шамамен 13 мың тонна өнім сатып алынған. Бұл халықтың үш айлық қажеттілігінің жартысын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда қорда 12 мың тоннаға жуық тауар бар.

Сонымен қатар сауда комитеті 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Ведомство мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асырғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесінің 204-4-бабы бойынша 2 796 әкімшілік қаулы шығарылған. Соның ішінде 1 625 жағдайда жалпы сомасы 55,7 миллион теңгеден асатын айыппұл салынған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: