Сәрсенбі, 05 қараша, 13:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда «банкті құтқару» тәртібі өзгеретін болды

05.11.2025

47 0

Фото: Мәжіліс

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Агенттік басшысы атап өткендей, жаңа жүйе халықаралық тәжірибеге негізделген және Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания секілді елдерде қолданылатын стандарттарға сай келеді.

Бұл тәсіл банктердің төлем қабілетсіздігін реттеуге кешенді көзқарасты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, — деді Әбілқасымова.

Жаңа реттеу тетігі үш кезеңнен тұрады:

  1. Күшейтілген қадағалау,
  2. Қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру,
  3. Төлем қабілетсіз банкті реттеу.

Бұл кезеңдер нақты белгіленген триггерлер арқылы іске қосылып, реттеушінің уақытылы әрекет етуіне мүмкіндік береді.

Банктер мен реттеуші енді қалпына келтіру және реттеу жоспарларын бірлесе әзірлейді. Бұл жоспарлар банк қиын жағдайға түскен кезде қолданылатын іс-шаралар тізбесін қамтиды және жыл сайын жаңартылып отырады.

Банк төлемге қабілетсіз деп танылған жағдайда, оны жаңа инвесторға сату, активтер мен міндеттемелерді бөлу немесе міндеттемелерді капиталға айырбастау шаралары қолданылады.

Жүйелік маңызы бар банктер үшін шығындарды өтеудің ерекше тәртібі енгізіледі.

Ең алдымен акционерлік капитал есептен шығарылады, яғни банк иелері өз үлестерін толығымен жоғалтады. Кейін басқа кредиторлардың міндеттемелері қаралады. Тек осы шаралар жеткіліксіз болған жағдайда ғана мемлекет уақытша араласуы мүмкін, – деп түсіндірді агенттік төрағасы.

Мемлекет тек қаржылық орнықтылықты сақтау мақсатында, уақытша және ақылы негізде капиталға кіруі мүмкін. Мұндай жағдайда банк басшылығы ауыстырылады, дивидендтер мен бонустар төлеуге тыйым салынады, тәуекелді операцияларға шектеу қойылады.

Банк қалыпты жұмысын қалпына келтірген соң, ол жаңа инвесторға сатылады, ал мемлекет салған қаражат бюджетке қайтарылады.

Банк жүйесін тұрақтандыруға кететін шығындар енді салық төлеушілерге емес, нарық қатысушыларына жүктеледі. Бұл – әділ әрі тепе-тең жауапкершілік қағидатының көрінісі, – деп түйіндеді Мәдина Әбілқасымова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: