Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы 2025 жылғы 23 желтоқсанда «Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттеудің ерекше режимін енгізу туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті реттеудің ерекше режимі келесі арнайы шарттармен енгізіледі:
ерекше реттеу режимі қолданылатын кезеңде ерекше реттеу режиміне қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасының келесі талаптары қолданылмайды:
- бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ брокердің немесе дилердің банктік операцияларды жүргізу тәртібі қағидаларының 53-1-тармағы – құны криптография құралдарын немесе компьютерлік есептеулерді қолдану арқылы орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде жасалатын және есепке алынатын шамалардың құнына (құнының өзгеруіне) тәуелді болатын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және қандай да бір тұлғаға талап ету құқығын қамтымайтын қаржы құралдары брокер немесе дилер жүзеге асыратын мәміленің нысанасы болып табылмайды;
- инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыру қағидаларының 33-1-тармағы (жоғарыда көрсетілген);
- қор биржасында айналымға жіберілетін эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына қойылатын талаптардың, сондай-ақ қор биржасының ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптардың 3-тармағының екінші бөлігі – 53-1-тармаққа ұқсас.
Ерекше реттеу режиміне қатысушылар болып қор биржасы, орталық депозитарий, клирингтік ұйым, брокерлер және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасқан жабық үлестік инвестициялық қорлардың инвестициялық портфельдерін басқарушылар табылады.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттары:
- цифрлық активтерге арналған ETF (Exchange Traded Funds) (цифрлық активтерге ETF), қор биржасында айналымға жіберілетін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен биржалар тізбесіне кіретін қор биржаларының бірінің ресми тізіміне енгізілген. Бұл ретте цифрлық активтерге ETF-тің орташа тәуліктік айналымы осы биржада кемінде 500 000 АҚШ долларына баламалы соманы құрайды;
- қор биржасында айналымға жіберілетін цифрлық активтерге ETF эмитентінің жарғылық капиталының немесе эмитентке қолданылатын заңнамаға сәйкес бастапқы инвестициялардың өзге де түрлерінің мөлшері кемінде 100 000 АҚШ долларына баламалы соманы құрайды;
- қор нарығында айналымға жіберілетін цифрлық активтерге ETF эмитенті қолданылатын заңнама талаптарына және өзі шығарған эмиссиялық цифрлық активтерге ETF енгізілген танылған қор биржасының ережелеріне сәйкес ақпаратты жария түрде ашуды жүзеге асырады;
- қор нарығында айналымға жіберілетін цифрлық активтерге ETF эмитенті жүзеге асыратын шығарылым кастодиан, активтер аудиторы, таза активтер құнын (Net Asset Value (NAV)) қайта есептеуге арналған технологиялық мүмкіндіктер түріндегі инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі;
- қор биржасында айналымға жіберілетін цифрлық активтерге ETF-пен жасалатын мәмілелер тек білікті инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылады, бұл ретте бір инвесторға жасалатын мәмілелердің ең жоғары көлемі 20 миллион теңгеден аспайды;
- қор биржасы қор биржасында айналымға жіберілетін цифрлық активтерге ETF проспектілерінің жариялануын өз бетінше қамтамасыз етеді;
- қор биржасы цифрлық активтерге ETF-ті айналымға жіберу бастамашыларымен және маркет-мейкерлерімен бірлесіп, мәмілелер мен операцияларды жасауға байланысты тәуекелдер туралы, сондай-ақ құны криптография құралдарын немесе компьютерлік есептеулерді қолдану арқылы орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде жасалатын және есепке алынатын шамалардың құнына (құнының өзгеруіне) тәуелді болатын, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын цифрлық активтерге ETF-пен операциялар жүргізуге байланысты тәуекелдер туралы мәмілелерге қатысушыларды қосымша ескертеді;
- ерекше реттеу режиміне қатысу үшін құрал бойынша маркет-мейкердің котировкалар көлемі тәулігіне 20 миллион теңгеден аспайды;
- ерекше реттеу режиміне қатысушы болып табылатын маркет-мейкер қор нарығындағы құбылмалылыққа, қор биржасында айналымға жіберілетін цифрлық активтерге ETF-тің өтімділігіне және өзге де тәуекелдерге байланысты барлық тәуекелдерді өз мойнына алады;
- эмитент активтерін басқарушының лицензия берілген (тіркелген) елдің қор нарығында активтерді басқару тәжірибесі кемінде үш жыл болуы тиіс;
- 2-тармақтың 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген шарттар эмитенттері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын цифрлық активтерге ETF-ке қолданылмайды.
Ерекше реттеу режимінің қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
Қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
