2021 жылғы мамырда оның алдыңғы сәуір айына қарағанда баға азық-түлік тауарларына – 0,8%, азық-түлік емес тауарларына – 0,6%, ақылы қызметтерге 0,7% жоғарылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бағаның өсуі қызылшаға – 27,7%, сәбізге – 16,1%, картопқа – 11,1%, күнбағыс майына – 3,3%, қой етіне – 3,2%, қырыққабатқа – 3%, құмшекерге, жаңа жиналған жемістерге – 1,7%-дан, жармаларға, макарон өнімдеріне, құс етіне – 1,3%-дан, шайға – 1,2%, ет өнімдеріне – 1,1%, ұнға, сары майға – 1%-дан, сүтке 0,8% тіркелді. Сондай-ақ минералды және ас су – 2%, салқындатылған сусындар – 1,7%, алкогольді сусындар 0,9% қымбаттады.
Мамыр айында арзандады: қияр – 23,4%, қызанақ – 17,2%, жұмыртқа 2,8%, апельсин 2,8%. Баға өсті: автомобильдерге – 2%, шыны және қыш бұйымдарға – 1%, ыдыс-аяққа – 0,9%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 0,8%, киім және аяқ киімге – 0,7%, құрылыс материалдарына – 0,6%, жеке қолданылатын тауарларға 0,4%. Бұдан бөлек, бензин құны – 1,8%, баллондағы сүйытылған газ – 1,2%, дизель отыны 0,9% көтерілді. Монша қызметі – 2%, санаторий қызметі – 1,9%, кабельдік телевизия қызметі – 1%, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметі, қонақүйлер қызметі – 0,9%, қоғамдық тамақтану қызметі – 0,6%, жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы – 8,7%, қалалық автобуспен қатынау 1,4% қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 5,7%, электр энергиясына 1,7% жоғарылады, ал ыстық суға 1% төмендеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!