Теңгеге қатысты доллар курсы арзандап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының KASE мәліметтеріне сілтеме жасап.
Таңертеңгі сауда-саттық нәтижесінде доллардың орташа бағамы 0,14 теңгеге төмендеп, 425,63 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 425,32 теңге, сату бағасы – 426,84 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас орындарында америкалық валюта орташа 425,12 теңгеден сатып алынады және 426,24 теңгеден сатылады.
Ұлттық банктің доллардың ресми бағамы 15 қазандағы жағдай бойынша 425,77 теңгені құрайды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!