2026 жылдың қаңтар-ақпан айында Қазақстанда 665,1 млрд теңгенің азық-түлігі өндірілген. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артық, – деп хабарлайды kursiv.media
Азық-түлік өндірісінде оң динамика байқалды
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, негізгі азық-түлік санатының басым бөлігінде оң динамика байқалды. Әсіресе сары май өндірісі 56,5%-ға артып, 8,1 мың тоннаға жетті.
Сонымен қатар ірімшік пен сүзбе өндірісі 39,2%-ға, қант және шоколад қосылған кондитерлік өнім – 21,4%-ға, жарма өндірісі 20,8%-ға өсті.
Ет консервілерінің өндірісі 12,9%-ға артты. Ірі қара, шошқа, қой, ешкі және жылқы еті (жас ет немесе салқындатылған) өндірісі 6,9%-ға өсті. Шұжық өнімдері 6%-ға, өсімдік майы 12,3%-ға, өңделген және консервіленген жемістер мен көкөністер 13,4%-ға артты.
Өңделген сүт 1,6%-ға, қышқыл сүт өнімдері 3,5%-ға, ал ұн шығару 11,9%-ға өсті. Сондай-ақ ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі 5,2%-ға, макарон өнімдері 8,1%-ға артты.
Сусындар өндірісі де 10,2 пайызға өсіп, 175,4 млрд теңгені құрады. Әсіресе алкогольсіз сусын шығару көлемі 43,7 пайызға артып, 564,3 млн литрге жеткен, былтыр бұл көрсеткіш 392,7 млн литрді құраған еді.
Сонымен қатар Қазақстанда астық пен ұн экспорты көлемі 9,9 млн тоннаға дейін өскен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
