Дүйсенбі, 16 ақпан, 12:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда шағын бизнестің өсімпұлы мен айыппұлын есептен шығару тәртібі бекітілді

16.02.2026

53 0

Коллаж: Kazinform / Freepik

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен шағын бизнес субъектілеріне қатысты өсімпұлдар мен айыппұл сомаларын есептен шығару қағидалары бекітілді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Қағидаларға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің төмендегі сомалары есептен шығарылады:

Біріншіден, салық төлеушінің жеке шотында 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған өсімпұл, сондай-ақ сол күнгі жағдай бойынша есепте тұрған берешек сомасына 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төленген күнге дейінгі кезеңге, төлем жасалған күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл – берешек өтелген салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша.

Екіншіден, Салық кодексі мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік кірістер органдары салған және 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған айыппұл – берешек өтелген салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрі бойынша.

Үшіншіден, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлеу мерзімі салық заңнамасына және ҚР оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгертілген салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салықтық міндеттеме 2026 жылғы 1 сәуірге дейін толық көлемде орындалған жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар.

Төртіншіден, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асырылған айналымдар бойынша ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген кезеңдегі айналым үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес мемлекеттік кірістер органдары салған және салық төлеушінің жеке шотында есепте тұрған айыппұл.

Бұл ретте міндетті шарт – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепте тұрған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасын 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында толық өтеуі.

Есептен шығаруға жатпайтын сомалар да айқындалған. Атап айтқанда, жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне және жеке практикасына байланысты емес салықтық міндеттемелері бойынша қалыптасқан өсімпұлдар, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ салық заңнамасын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға салынған айыппұлдар есептен шығарылмайды.

Өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару салық төлеушілердің жеке шоттарына жүргізілетін түгендеу қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Түгендеу комиссия құрылған күннен бастап 2026 жылғы 31 наурызға дейін жүргізіледі.

Бұйрық 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты жоспардан тыс тексерулерді тоқтату қажеттігін мәлімдеген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: