Бейсенбі, 26 наурыз, 13:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда тағы бір шетелдік банк пайда болады

26.03.2026

46 0

Фото: shutterstock

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Abu Dhabi Commercial Bank PJSC-ке Қазақстан Республикасында еншілес банк құруға рұқсат берді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Жаңа банктің жалғыз акционері ADCB болады. Қаржы ұйымы  «ислам терезесі» тетігі арқылы исламдық қаржыландыруды дамытуды жоспарлап отыр,

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңның талаптарына сәйкес әмбебап банк лицензиясын алу ішкі инфрақұрылым құрылғаннан кейін және банк қызметін іске қосу бойынша барлық дайындық жұмыстары жүргізілгеннен кейін күтіледі», – деп хабарлайды ҚНРДА-дан.

ADCB – Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі банктерінің бірі. Негізгі акционері – Абу-Даби Үкіметіне толығымен тиесілі Mubadala Investment Company PJSC инвестициялық компаниясы.

2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ADCB жиынтық активтері 210 млрд доллардан астам, меншікті капиталы – 24 млрд доллардан астам, жыл қорытындысы бойынша таза пайда – 3 млрд доллар.

Abu Dhabi Commercial Bank-тың Қазақстанда жаңа ұйым ашатыны туралы былтыр күзде хабарланған еді. Оның алдында елге Оңтүстік Кореялық холдингке тиесілі BNK Finance кіріп, BNK Commercial Bank атты жаңа банк ашқан еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: