Қазақстанда төртінші мұнай өңдей зауытын салу жобасына осы бастан дайындала беру қажет. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осылай деп есептейді. kursiv.media
Министрдің сұхбаты Petroleum журналының арнайы санында жарияланады. Оның үзіндісін OilgazKZ телеграм-арнасы жариялады.
«Болжамға қарағанда, 2050 жылға қарай Қазақстанда халық саны 27,7 млн адамға жетеді. Қазір жұмыс істеп тұрған үш мұнай өңдеу зауытын кеңейткеннің өзінде, 2036 жылға қарай дизель отыны жетпей қалады.
Дефицитті болдырмас үшін, жылына 10 млн тонна өнім шығара алатын төртінші зауытты осы бастан жоспарлай беру керек. Мұндай зауыт болашақ мұнай-химия кластерінің ошағына айналады», – деп есептейді министр.
Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауытын салу мәселесінің айтылып жүргеніне он жылдай уақыт болды. Дегенмен бірнеше жыл бұрын үкімет қолда бар зауыттарды жетілдіру туралы шешім қабылдады. Сол кезде қуатты өндіріс нысаны елдің батысында 2030 жылдан кейін салынатыны айтылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!