Сәрсенбі, 05 қараша, 17:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда тұтынушылық кредитке жаңа шектеулер енгізіледі

05.11.2025

50 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Редакциямыз Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан елімізде тұтынушылық кредитті беруге қатысты қандай да бір өзгерістердің бар-жоғын сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін Үкімет кредиттерге шектеу қою мәселесін қозғаған еді. Қазір осы бағытта нақты қандай шаралар қабылданып жатыр? – деп сұрадық спикерден.

Мәдина Әбілқасымова жауап беріп, соңғы жылдары қабылданған заңдар мен енгізілген шараларды атап өтті.

Шектеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз былтыр заң қабылдадық, биыл маусым айында тағы бір заң енгіздік. Сол заңдарда бірнеше маңызды шара қарастырылды. Атап айтсақ, проблемалық қарыздар болса, жаңа кредиттер берілмейді, кредиттің максималды сомасы шектелді, қарыз мерзімі тамыздан бастап ең көп 5 жыл деп белгіленді, – деді агенттік төрағасы.

Сонымен қатар жаңа заң тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған кешенді шараларды қарастырады.

Заңда енгізілген негізгі жаңалық — бұл іс-қимылды қадағалау немесе мінез-құлықты қадағалау. Енді банк сандарға ғана сүйенбейді, сонымен қатар қарыз алушылармен сапалы жұмыс жүргізуге міндетті. Банктерде қарыз алушылардың құқықтарын қорғау бойынша жаңа бөлімдер құрылады. Олар клиенттердің өтініштерімен жұмыс істейді, жосықсыз практикаларды жоюға бағытталған нормалар енгізілген. Сондай-ақ бірыңғай банк және қаржы омбудсмені институттары құрылатын болады, – деп түсіндірді Мәдина Әбілқасымова.

Оның сөзінше, кейбір нормалар былтыр және биыл қабылданған, ал жаңа заңдағы жаңалықтар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: