Еліміздегі 3 миллионнан астам азаматтың жалақысы артады. Бұл туралы Үкіметте өтіп жатқан ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген отырыста айтылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Әлихан Смайылов халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру туралы айтты. Шара аясында 3 миллионнан астам адамның жалақысы өседі деп жоспарланып отыр.
“Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері уақытылы және толық көлемде орындалуда. Атап айтқанда, биыл 4,4 миллион адамның әлеуметтік төлемдері көбейді. Осы мақсатта 4,6 триллион теңге бөлінді”, – деді Премьер-министр.
Сонымен қатар Үкімет басшысы биыл ұлттық жобаларды іске асыру, жаңа өндіріс ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындары құрылатынын айтты. Бұл 1 миллион адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін Әлихан Смайылов қазіргі уақытта республикада бизнеске қатысты кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші саясат енгізіліп жатқанын атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!