Сәрсенбі, 19 қараша, 13:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандағы инвесторларға енді 25 жылға кепілдік беріледі

19.11.2025

38 0

Фото:Үкімет баспасөз қызметі

Қазақстандағы инвесторларға ірі жобалар үшін заңдардың тұрақтылығына 25 жылға кепілдік беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экономиканың өсуін ынталандыру үшін жаңа инвестициялық циклды іске қосу жөнінде жүйелі шаралар қабылданатын болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Инвестицияларға тапсырыс» қағидатына негізделген жаңа тәсіл енгізілуде.  Жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде ашықтықты қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық инвестициялық платформа негізгі құрал болады.

Құны 29,5 млрд теңгеден асатын инвестициялық жобалар үшін басым салаларда 25 жыл ішінде заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беретін инвестициялар туралы келісімдер жасалады, – деді Серік Жұманғарин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: