Сенат Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімін ратификациялады, – деп хабарлайды kursiv.media
Келісім екі ел арасындағы саудадағы техникалық кедергілерді жоюға және жеңілдетуге негізделген.
Негізгі шарттары:
- Құжат үш жыл мерзімге жасалған, әрі оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
- Көліміне қарай импорттық баждар төмендетіледі немесе толық жойылады. Оларға: дәнді дақылдар, құс еті, сүт өнімдері, майлар, кондитерлік өнімдер, металлургиялық және химиялық өнімдер, көлік құралдары және т.б. кіреді.
Келісімге сәйкес, Моңғолия ЕАЭО елдерінен, оның ішінде Қазақстаннан келетін жеңіл автокөліктерді, электр көліктерін, самосвалдар, жүк көліктерін, өрт сөндіру машиналарын, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді, автоцистерналарды, сондай-ақ кейбір агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді толық бажсыз әкелуге міндетті.
Айта кетейік, Қазақстан мен Моңғолия екіжақты тауар айналымын 500 млн долларға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл межеге жеткізу номенклатурасын кеңейту, кооперациялық жобаларды дамыту, сондай-ақ сауда және әкімшілік кедергілерді кезең-кезеңімен жою арқылы қол жеткізу жоспарланып отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
