Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 21:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар банкке қанша қарыз?

12.11.2022

1703 0

Қазақстанда жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктерге қарызы 13,1 триллион теңгені құраған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттіктің ақпаратынша, биыл қыркүйекте ел экономи­касында несие  2 пайызға өсіп, 21,1 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері өсім – 14,1 пайыз немесе 2,6 трлн теңге. Соның ішінде ұлттық валютадағы несиелер 19,3 трлн теңгеге дейін ұлғайса, шетел валютасындағы несие 1,8 трлн теңгеге дейін өскен.

«Жеке тұлғалардың несиелері 2022 жылғы қыркүйекте 2,5 пайызға ұлғайып, 13,1 трлн теңгені құрады. Несиелер осы жылдың басынан бері 21,6 пайызға өсті», − делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, өсім қазақстандықтарға беріл­ген жеңіл­детілген мемлекет­тік ипо­текалық бағдарлама­лар аясында ипотекалық несиелеу­дің 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюымен, сондай-ақ тұтынушылық қарыздың 7,2 трлн теңге­ге дейін артуымен байланысты. Сондай-ақ заңды тұлғалар банктерден 8,0 трлн теңге несие алған. Заңды тұлғаларға берілген несиенің негізгі үлесі өнеркәсіп, сауда мен құрылысқа, көлікке тиесілі екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: