Дүйсенбі, 29 желтоқсан, 23:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандықтардың табысы III-тоқсанда да төмендеуін жалғастырған

29.12.2025

43 0

Сурет: Zakon.kz/ Максим Золотухин

Қазақстандықтардың табысы 2025 жылғы III-тоқсанда да төмендеуін жалғастырып, нақты мәнде жылына 3,4%-ға қысқарғанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл «экономикадағы тарқату механизмдерінің ерекшелігін» танытуы мүмкін, – дейді Halyk Finance сарапшылары.

«Жағдай алаңдатарлықтай, өйткені қазақстандықтар азық-түлікке көбірек (52,3%) ақша жұмсап, басқа тауарлар мен қызметтерге аз шығындана бастаған. Яғни, халықтың адами капиталға, бос уақытқа және ұзақ мерзімді тауарларға инвестиция жасау мүмкіндігі төмендеуде. Сонымен қатар, тоқсан қорытындысы бойынша шығыстар нақты мәнде 2,3%-ға төмендеді», делінген экономикалық-қаржылық талдауда.

Сондай-ақ сарапшылар қазақстандықтардың халықаралық стандарттар бойынша борыштық жүктемесінің деңгейі төмен екенін тағы да баса атап көрсетеді.

«Несиелерді төлеуге кірістердің 6,5%-ы жұмсалады (бір жыл бұрынғы көрсеткіш – 6,3%), бұл бірқатар ірі еуропалық елдердегі деңгейден әлдеқайда төмен. Алайда Еуропада табыстың 10-15%-ы ғана азық-түлікке жұмсалады», делінген сарапшылар зерттеуінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: