Жұма, 26 желтоқсан, 12:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанның ақшасына неліктен шетелдік корпорацияны қаржыландырып отырмыз?

26.12.2025

42 0

Фото: Ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Рустам Қарағойшиннен шетелдік ірі корпорацияны қолдауға неліктен қомақты қаражат бөлінгенін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Депутат Ерлан Саиров «Бәйтерек» холдингі мен «Қазцинктің» 70% акциясына иелік ететін швейцариялық «Glencore» компаниясын қатаң сынға алды. 

«Экспорттаушыларды қаржыландыру бағдарламасы аясында бөлінген шамамен 1 трлн теңге қаражаттың 35%-ын «Қазцинк» АҚ алған. Экспортты қолдаудың мақсаты − отандық жоғары технологиялық өнімнің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз ету. Бұл жерде «Қазцинктің» қандай қатысы бар? «Қазцинк» жартылай фабрикаттарды экспорттайды. Ең қызығы, компания биржада сауда жасайтындықтан, алдын ала төлеммен жұмыс істейді. Сонда трансұлттық «Glencore» корпорациясын не үшін несиелендіруміз керек?», деді Е.Саиров.

Оның айтуынша, «Glencore» Қазақстанда болған 20 жыл ішінде жоғары технологиялы отандық өнімнің бірде-бір кірпішін қалап көрмеген. Мәжіліс депутаты мемлекеттік қаражаттың Қазақстандағы шетелдік компанияларды қолдауға не себепті жұмсалып отырғанын сұрады. Депутат бұл сұрағын «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басшысы Рустам Қарағойшинге қойды.

Рустам Қарағойшин «Қазцинктің» Қазақстан Республикасының юрисдикциясында тіркелген отандық компания екенін және «Бәйтерек» холдингі үшін қаржыландыруға өтінім берген кез келген отандық кәсіпорын клиент болып есептелетінін айтты.

«Біз өтінімді қарап, оның негізділігі мен біздің талаптарға сәйкестігі болған жағдайда қанағаттандыруымыз керек. Экспорттық бағыт – күрделі сала. Біз Қазақстан экспортының неден тұратынын жақсы білеміз. Бұл сыртқы нарықтарға шығарылатын 10 негізгі өнім. Қазір жоғары технологиялық бағыттарға көбірек көңіл бөлініп отырғаны түсінікті. Алайда олар жұмыс істеп тұрған салалармен салыстырғанда баяу дамып жатыр. Кез келген экспорт елге валюта түсімін әкеледі, бюджетке қосымша кіріс береді. Сондықтан біз отандық экспорттаушыларды қолдауға тырысамыз», деді Қарағойшин.

Ол сондай-ақ қазіргі кезде металлургия саласының да сыртқы нарықтарда қиындықтарға тап болып отырғанын, сол себепті холдинг Қазақстан экспортын қолдауға тырысатынын айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: