Сәрсенбі, 27 қараша, 20:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның мұнай қоры қанша жылға жетеді – министр жауап берді 

11.04.2023

793 0

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев елдегі мұнай қоры туралы мәлімет айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Алдын ала болжамдар бойынша мұнай 100 жылға анық жетеді. Бірақ бізде перспективалы блоктар бар. Үкімет Мемлекет басшысының қолдауымен жаңа модельдегі келісімшарт дайындады. Ол бойынша жаңа мұнай кеніштеріне барлау жасағандарға салмақты жеңілдіктер ұсынылады. Көптеген компаниялар ол жеңілдікті пайдаланды да. Жеке айтсақ, «Лукойл» сондай келісімшартқа қол қойды», – деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін журналистердің сауалына жауап бере отырып. 

Министр Әзербайжан тарапы да Қазақстан аумағында мұнай қорын барлауға ниетті екенін айтты.

«Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің сапары кезінде Баку делегациясы Қазақстанға инвестиция салуға ниет білдірді. Олар көмірсутек көздерін барлау, игеру туралы жаңа мәселелерді көтерді. Қазір энергияға деген сұраныстың артып келе жатқанын ескерсек, ресурс базасын толықтыруға қаражат жұмсауды жалғастыруымыз керек», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: