Сейсенбі, 13 қаңтар, 11:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№3 (2215)
13.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанның құрылыс секторы 2025 жылы тұрақты өсім көрсетті

13.01.2026

48 0

Фото: Zakon.kz/ Павел Михеев

2025 жылы Қазақстанда құрылыс саласының өсімі 15,9 пайызды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның құрылыс саласында 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 15,9 пайызға артып, 10,7 трлн теңгеге жетті. Бұл жоспарлы көрсеткіштен 0,9 пайызға немесе 85,3 млрд теңгеге артық. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Бұл көрсеткіш ел үшін маңызды әлеуметтік нысандар – жайлы мектептер, ауруханалар мен спорт кешендерін салу, сондай-ақ көлік және инженерлік инфрақұрылымды кеңейту бойынша жүзеге асырылған жобалардың нәтижесінде өсті», – делінген хабарламада.

Жалпы, құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексінің өсімі елдің 19 өңірінде байқалды. Мәселен, 2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 20,1 млн шаршы метрге жетіп, 2024 жылғы деңгейден 5,1 пайызға жоғары болды.

Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсімі республиканың барлық өңірінде тіркелді, ал ең жоғары өсім мына аймақтарда байқалды:

  • Жетісу облысында – 11%;
  • Алматы облысында – 10,2%;
  • Қарағанды облысында – 9%;
  • Астана қаласында – 8,5%;
  • Қызылорда облысында – 8,4%.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: