Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазір доллар сатып алу керек пе – Экономист жауап берді

03.03.2022

1800 0

Доллар бағасы тағы да қымбаттады. Қор биржасының мәліметінше, АҚШ валютасы 490 теңгеге тең. Дегенмен экономисттер қазіргідей алмағайып кезеңде доллар жаппай сатып алудан пайда жоқ екенін айтты. Бұл – уақытша құбылыс. Сондықтан әліптің артын бағу керек деп кеңес береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Экономист Александр Бурахтаның айтуынша, қарулы қақтығысқа түскен тараптар келісімге келсе, жағдай біртіндеп тұрақталады. Қазір шарықтаған баға да осыдан кейін қалпына келе бастайды дейді.  

«Валюта айырбастаймын деп соңғы тиыныңызға дейін долларға ауыстырудың керегі жоқ. Менің ойымша, доллар көп ұзамай арзандайды. Дегенмен бұл құбылыс ел экономикасына да ауыр тиетінін мойындауымыз керек. Өйткені солтүстіктегі көршімізбен қарым-қатынасымыз өте тығыз. Көп салаларда ортақ әріптестік бар», – деді Батыс Қазақстан Университетінің доцентә Александр Бурахта. 

АҚШ ақшасының қымбаттауы салдарынан елдегі тауар бағасы да қазір құбылып тұр. Кәсіпкерлер пайда табу үшін бағаға баға қосуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің сөзінше, қазір экономиканы ілгерлету бойынша тиісті шешімдер қабылданып жатыр.

«Біз Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе экономиканың ары қарай ілгерілуі тұрғысында іске асырылатын қадамдарды пысықтап жатырмыз. Осы орайда тиісті шешімдер қабылданады деп ойлаймын», –  деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. 

Айта кетейік, бұған дейін Серік Шәпкенов доллардың қымбаттауы мен инфляцияға байланысты қазақстандықтардың жалақысы өсе ме деген сұраққа жауап берген еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: