Жұма, 24 қазан, 12:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Қазіргі таңда автонесие алған дұрыс па?

24.10.2025

47 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Жаңа жылдан кейін елдегі автосалондарда көлік бағасы қымбаттай ма? Қандай жағдайда автонесие алған тиімді? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі экономист Айбар Олжайдан сұрап білді.

Оның айтуынша, қазір инфляциялық көрсеткішті ескере отырып, көлікті несиеге алудың бір тиімді тұсы бар.

Егер қазір азаматтар мемлекеттен субсидияланған жеңілдетілген автонесиені қолданса және оның тиімді жылдық сыйақысы инфляциядан төмен болса, автонесие алған тиімді. Бұл қалтаға қатты салмақ салмайды, – деді Айбар Олжай.

Экономист екінші деңгейлі банктер ұсынатын автонесие пайызының азаматтардың қалтасына ауыр түсетінін айтты.

Субсидияланбаған пайыз болса өте қымбат. Қазір ол 20%-дан асады. Мұндай жағдай көлік сатып алуға кеңес бермеймін. Оның өзінің амортизациялық арзандауы бар көліктің. Оның үстіне кемінде екі, үш есе қосып төлейсіз. Егер мәселен, 20% автонесиемен үш жылға көлік алатын болсаңыз екі есе төлейсіз, ал он жылға алатын болсаңыз төрт есе төлейсіз, – деді ол.

Оның сөзінше, автокөлік бағасы жаңа жылдан кейін екі факторға қатысты өзгеруі мүмкін.

Біріншісі, егер теңгеге қатысты доллар бағамы көтеріліп кетсе және жеңілдетілген режимнің уақыты бітсе авто бағасы қымбаттауы мүмкін. Мысалы, Қытайдан келетін электрокөліктердің жеңілдетілген режимі бітті, енді олар толыққанды салық төлеп кіретін болады, – деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: