Дүйсенбі, 16 наурыз, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

«ҚазТрансОйл» 2025 жылы 46 млрд теңге таза пайда тапқан

16.03.2026

40 0

Фото: ҚазТрансОйл

Мұнай құбырыларының ұлттық операторы – «ҚазТрансОйл» компаниясы 2025 жылдың қорытындысы бойынша қаржы көрсеткіштерінің айтарлықтай өскенін жариялады. Компанияның есепті кезеңдегі шоғырландырылған таза пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 7,4%-ға артып, 45,634 миллиард теңгені (93,2 миллион доллар) құрады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Сонымен қатар, кәсіпорынның шоғырландырылған түсімі 14,6%-ға өсіп, 357,478 миллиард теңге деңгейіне жетті. Бөлек алғанда, компанияның жеке түсімі 299,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 15,75%-ға асып түссе, шоғырландыруды есепке алмағандағы таза пайда 42,3%-ға өсіп, 56,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайды.

«КазТрансОйл» жалпы ұзындығы 7 600 шақырымнан асатын магистральдық мұнай құбыр мен су құбырлары желісіне иелік етеді.

Компания елде өндірілетін мұнайдың шамамен 60%-ын экспортқа және ішкі нарыққа тасымалдайды,.Мемлекет аталған құрылымды «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы арқылы басқарады.

Айта кетсек, 2012 жылдың соңында «КазТрансОйл» «Халықтық IPO» аясында өз акцияларының 10%-ға жуығын шамамен 200 миллион долларға орналастырып, ішкі қор нарығына шыққан болатын.

2025 жыл соңында компания лдағы бес жылда мұнай тасымалдау құны екі есе қымбаттайтынын мәлімдеген.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: