Жұма, 31 қазан, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82,2194
29.10.2025
PDF мұрағаты

ҚҚС: 2026 жылдан бастап тіркеу тәртібі қалай өзгереді

31.10.2025

88 0

Сурет: Zakon.kz

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу жаңа тәртіппен жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа ережелерге сәйкес, ҚҚС бойынша есепке қоюдың үш түрі енгізіледі:

  • Ерікті тіркеу – айналым шегіне жетпей тұрып, өз қалауымен тіркелу;
  • Міндетті тіркеу – жылдық айналым 10 000 АЕК-тен (шамамен 43 млн теңге) асқанда;
  • Шартты тіркеу – қазақстандық тұтынушыларға электронды қызметтер көрсететін немесе онлайн сауда жасайтын шетелдік компаниялар үшін.

ҚҚС бойынша тіркеуге жатпайтындар:

  • мемлекеттік мекемелер;
  • филиалдар;
  • жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар, сот орындаушылары);
  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар;
  • арнайы салық режимін (АСР) қолданатын салық төлеушілер.

Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін рұқсат етілетін жылдық айналымның шекті мөлшері – 600 000 АЕК (шамамен 2,6 млрд теңге).

ҚҚС бойынша міндетті тіркеу тек жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінде (ЖБТ) жұмыс істейтін салық төлеушілерге қолданылады.

АСР қолданатын және ҚҚС төлеуші мәртебесін сақтағысы келетін кәсіпкерлер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖБТ-ға өтуі керек.

Таңдалған салық режимі туралы хабарламаны 2026 жылғы 1 наурызға дейін тапсыру қажет.

АСР-да қалатындарға Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың соңына дейін ҚҚС тіркеу есебінен шығуды және 2025 жылдың төртінші тоқсаны үшін 300.00 нысанды декларацияны 2026 жылғы 16 ақпаннан кешіктірмей тапсыруды ұсынады.

2026 жылдан бастап салық органдары ҚҚС бойынша мәжбүрлі түрде тіркеуден шығару шараларын қолданбайды.

Оның орнына, егер бұзушылықтар анықталса, олар түзетілгенге дейін электронды шот-фактура (ЭСФ) жазу мүмкіндігі уақытша тоқтатылады.

Барлық ҚҚС тіркеу және тіркеуден шығу мәселелеріне қатысты өтініштерді электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы немесе eGov.kz порталы арқылы жіберуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: