Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада әлеуметтік дүкендерде қант тапшылығы сезілуде

08.06.2022

1083 0

Бүгінде облыстағы тұрақтандыру қорында 78,9 тонна қант бар. Дегенмен, әлеуметтік дүкендерде қант тапшылығы сезілуде. Осыған байланысты «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы 272 тонна қант тұрақтандыру қорына жеткізіліп, 38 әлеуметтік дүкендер мен әлеуметтік бүрыштарда төменгі бағада сатылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Тлеулеева мәлімдеді.

Оның айтуынша, қант өнімінің қат болуының басты себебі – шет мемлекеттерге тәуелді болуымыздан және көршілес мемлекеттердегі саяси ахуалға байланысты дейді. Бұл мәселені оңтайландыру үшін облыс әкімдігі тарапынан «Көксу қант зауыты» ЖШС-мен 612 тонна қант босату жөнінде келісімшарт жасалды.

«Соңғы уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, оның ішінде қант өніміне байланысты мәселелер жиі көтерілуде. Жалпы біздің өңір қант нарығында импортқа тәуелді екенін айтқым келеді. Сондай-ақ, бұл өнім Жамбыл, Алматы облысы мен көршілес Ресей елінен жеткізіледі. Бүгінде облыс бойынша қанттың орташа бағасы – 455 теңгені құрап отыр. Ал, әлеуметтік дүкендер мен әлеуметтік бұрыштарда қант – 263 теңгеден, яғни нарық бағасынан екі есе арзан сатылуда», – деді Айнұр Тлеулеева.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына ұдайы бақылау жүргізілуде. Салаға жауапты мамандар әлеуметтік дүкендердегі тауарларға байланысты ешқандай тапшылық жоқ екенін алға тартады. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында – 1167 тонна өнім бар. Атап айтсақ, бірінші сортты ұн – 257 тонна, қарақұмық жармасы – 273 тонна, күріш – 84 тонна, өсімдік майы – 474 тоннасы бар.

«Жыл басынан бері облысқа 500 тоннаға жуық өсімдік майы жеткізіліп, әлеуметтік дүкендерде 630 теңгеден сатылуда. Одан бөлек, тұрақтандыру қорына 272 тонна көлемінде қарақұмық жармасын сатып алдық. Жалпы ірі сауда орталықтары мен әлеуметтік дүкендерде азық-түлікке байланыста тапшылық жоқ. Облыстағы тұрақтандыру қорының өнімдері және «айналым схемасы» шеңберінде қарыз алған кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдері 39 әлеуметтік дүкен арқылы және облыс орталығының 13 ірі сауда үйінің әлеуметтік бұрыштары арқылы сатылады», – деді «Алтын Қамба» Агроөнеркәсіп комбинаты» ЖШС директоры Талғат Бекішов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: