Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордаға 3 млн дана жұмыртқа келеді

23.12.2020

4841 0

Қызылорда облысына үш күнде 3 миллион дана жұмыртқа жеткізіледі. 600 мың данасынан астамы бүгін кешкілік келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

Құс тұмауы жұмыртқа бағасына әсер етіп, базар сөрелерінде тапшылық сезілді. Оның үстіне тауыққа берілетін жемнің бағасы өскен. Соның салдарынан облысқа келетін жұмыртқаның көлемі біршама азайған.

«Аймақта құс жұмыртқасын өндіретін екі кәсіпорын бар. Оның қуаттылығы ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті сырттан тасымалдауға тәуелдіміз. Қазіргі таңда, кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың 25-ші желтоқсанына дейін жұмыртқа тиелген сегіз жүк көлігі келеді. Алдағы мереке күндері де тапшылықты болдырмау мақсатында құс жұмыртқасы әкелінетін болады. Облыста жұмыртқаға тапшылық болмайды», – деді басқарма басшысы.

Тапшылықты болдырмау мақсатында жергілікті бюджеттен 400 миллион теңге қаржы бөлінді. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы 8 кәсіпкерге 50 миллион теңгеден айналым қаражаты берілді.

Біздің басты мақсатымыз негізгі әлеуметтік маңызы бар өнімдерінің тапшылығын болдырмау. Мәселен, кәсіпкерлер құс фабрикаларынан жұмыртқаның бір данасын 36 теңгеден алып жатыр. Айналым қаражатын алған кәсіпкерлер бағаны қымбат қылмайды. Алып сатарлыққа жол бермес үшін бақылау жүргіземіз. Ал басқа өнімдерге экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан шекті баға қойып отырған жоқпыз. Өйткені, қолдан тапшылық жасалады, – деді Ш.Қойшыбаев.

Негізгі азық-түлік өнімдері келісімге сәйкес 29 әлеуметтік дүкенде және 4 сауда орнында белгіленген бұрыштарда нарық бағасынан арзан сатылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: