Дүйсенбі, 02 наурыз, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Республикалық бюджет кірісі екі айда жоспардан асты – 2,9 трлн теңге жиналды

02.03.2026

44 0

Фото: коллаж Kursiv Media

2026 жылдың қаңтар–ақпан айларының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің кіріс бөлігі тұрақты орындалды. 1 наурыздағы есеп бойынша, қазынаға 2 трлн 979 млрд теңге түсті деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінен, – деп хабарлайды  kursiv.media

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кіріс 677,5 млрд теңгеге артқан. Өсу қарқыны – 129,4%.

Негізгі өсім қайдан келді?

Кірістің артуы негізінен ірі салықтар есебінен қамтамасыз етілген:

  • Корпоративтік табыс салығы (КТС) – 116,9% (+118 млрд теңге);
  • Қосылған құн салығы (ҚҚС) – 138,8% (+428,6 млрд теңге).

Неге қаңтардағы деректер толық картинаны көрсетпейді?

Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндіруінше, қаңтардағы сандар толық картинаны көрсетпейді. Себебі 2025 жылдың төртінші тоқсаны үшін бірқатар негізгі төлемдердің мерзімі 2026 жылғы 25 ақпанға дейін жалғасты. Сондықтан түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпан айының қорытындысында қалыптасады.

Мәселен, 1 наурызға қарай ҚҚС бойынша жоспар 119,8% орындалған.

  • Жоспар – 1 281 млрд теңге;
  • Нақты түскені – 1 534,5 млрд теңге

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: