2026 жылғы қаңтарда ҚР жаңартылған Салық кодексінің енгізілуіне байланысты 2025 жылғы желтоқсан айындағы салық есептілігін ұсыну және міндетті төлемдерді төлеу мерзімдері ерекше маңызға ие, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматының мемлекеттік кірістер департаменті салық есептілігі мен төлемдері бойынша негізгі күндерді атады.
15 қаңтар:
- 400.00, 421.00 – акциздер бойынша декларация және 2025 жылғы қарашадағы құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер үшін есеп айырысу нысандары.
20 қаңтарға дейін:
- 328.00-нысан – 2025 жылғы желтоқсандағы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
