Бейсенбі, 23 қазан, 13:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Салық төлеуші паспорты: деректер тізімі мен қалыптастыру ережелері бекітілді

23.10.2025

125 0

Фото: freepik

Қаржы министрі 2025 жылғы 17 қазандағы бұйрығымен салық төлеуші паспортында қамтылатын деректер тізімін, оны қалыптастыру және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру ережелері мен мерзімдерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салық төлеуші паспорты салық органдарымен автоматты түрде қалыптастырылатын және штрих-код түрінде көрсетілетін кәсіпкер субъектісінің ақпараттық картасы болып табылады. Бұл мәліметтер салық құпиясы болып саналмайды.

Салық төлеуші паспортының деректері ай сайын автоматты түрде есептік айдан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей қалыптастырылады және уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органы паспортты қалыптастырылған күннен кейінгі 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға тиіс.

Салық төлеуші өз паспортының штрих-кодын ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің веб-порталы арқылы ала алады. Ол үшін салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін, бақылау-кассалық машинаның тіркеу нөмірін енгізіп, «код жасау» батырмасын басу қажет.

Салық төлеуші паспортында келесі мәліметтер қамтылады:

  • жеке кәсіпкердің ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;
  • жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы;
  • жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • салық төлеушінің мәртебесі (әрекет етуші, салық есептілігін тоқтатқан, әрекетсіз салық төлеушілер тізіміне енгізілген);
  • жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға туралы мәліметтердің салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізілген күні;
  • бақылау-кассалық машинаның тіркеу нөмірі;
  • бақылау-кассалық машинаны пайдалану орны;
  • алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензияның бар-жоғы (өндіріс аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа).

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: