Жұма, 21 қараша, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Сауда теңге мен рубльді де байланыстырады

21.11.2025

51 0

Фото: shutterstock.com

Экономист Айбар Олжай “15 минуттық экономикалық шолу” жобасында Қазақстан мен Ресей экономикасындағы байланыс туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәлімдеуінше, 2023 жылы Ресейден келетін импорт көлемі айтарлықтай азайған.

2023 жылдың алғашқы жартысында импорт өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға төмендеп, 7,8 млрд долларды құрады. Бұл үрдісті сарапшылар Ресейдің өз ішкі қажеттіліктерін қамтуға ұмтылуымен, сондай-ақ Ресейге қарсы санкциялар салдарынан төлем жүргізудегі қиындықтармен түсіндіреді. Нәтижесінде, Ресейдің Қазақстан импортындағы үлесі соңғы жылдары едәуір қысқарды. Ол соғысқа дейін 42% болса, 2023 жылы 29%-ға дейін түсті. Ресейлік тауарлардың орнын Қытай мен Түркия өнімдері басуда, – дейді Айбар Олжай.

Сондай-ақ сарапшы Қытай бізге импорт бойынша кей кездері Ресейді басып озып кетіп жүргенін мысалға келтірді.

Мәселен, Қытайдың Қазақстан импортындағы үлесі 2023 жылы 27%-ға жетті. Дегенмен, 2024 жылы бұл тренд біршама өзгерді. Ресей импортының үлесі 27,9%-дан 30,5%-ға дейін қайта өсіп, Қазақстан импортындағы әр үшінші тауар шамамен Ресейден келетін жағдай қалыптасты. Дәл осы фактор теңгені рубльге байлап отыр. Рубль «қиналса»,  теңге де қиналатыны сондықтан, – дейді сарапшы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: