Сәрсенбі, 12 қараша, 23:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Шағын бизнес алдағы үш жылда тексеруден босатылады

22.10.2025

495 0

Фото: gov.kz

Үкімет жаңа Салық кодексіне біртіндеп көшу мақсатында шағын және микробизнес өкілдеріне қатысты алдыңғы жылдардағы салық тексерістерінен бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл қадам кәсіпкерлерге жаңа ережелерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Біз 1 қаңтардан бастап жаңа өмірді таза парақтан бастаймыз. 2023, 2024 және 2025 жылдарға тексеріс жүргізілмейді. Шағын бизнес үшін бұл – үш жылдық талап қою мерзіміне тең уақыт. Сондай-ақ камералдық тексерістер, есептіліктерді салыстыру немесе басқа дереккөздермен сәйкестендіру шаралары да жасалмайды. Бірақ бір ерекшелігі бар – резидент еместердің табыстары бұл тәртіпке кірмейді, – деді Біржанов Мәжіліс кулуарында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: