Сейсенбі, 03 ақпан, 18:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Шетелден Қазақстанға аударылған ақша көлемі үш есе қысқарды

03.02.2026

52 0

Фото: shutterstock

Соңғы үш жылда шетелден Қазақстанға келетін ақша көлемі күрт азайып, 2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда шамамен үш есе қысқарды. Бұд туралы Ұлтты банк статистикасында жазылған, – деп хабарлайды  kursiv.media

Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанға халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелден 226,2 млрд теңге жіберілген. Ал 2022 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 678,5 млрд теңгені құраған еді. Осылайша, сырттан келетін аударым көлемі үш жыл ішінде едәуір төмендеген.

Ресейден келетін ақша аударымдары әжептәуір азайған. Егер 2022 жылы Ресейден Қазақстанға 357,1 млрд теңге аударылса, 2025 жылы бұл сома 54,1 млрд теңгеге дейін кеміді.

Яғни көрсеткіш 6,6 есе қысқарды. Соған қарамастан Ресей Қазақстанға ақша жіберетін елдер арасында әлі де бірінші орында тұр.

Екінші орында – АҚШ. Бұл елден 2025 жылы 31,23 млрд теңге аударылған, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 29,8%-ға аз.

Үшінші орында Өзбекстан тұр: бұл елден Қазақстанға 25,6 млрд теңге жіберілген, ал төмендеу көлемі 2,1 есені құрады.

Сонымен қатар алғашқы бестікке Түркия мен Германия кірді. Түркиядан Қазақстанға келетін ақша аударымдары, керісінше, өсім көрсетіп, 23,3 млрд теңгеге жетті.

Қазақстаннан қай елдерге ақша көп аударылады?

Ал Қазақстаннан шетелге жіберілетін ақша аударымдары салыстырмалы түрде тұрақты болған. 2025 жылы республикадан басқа елдерге 718,7 млрд теңге аударылған.

Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының елдер бойынша құрылымына тоқталсақ, соңғы үш жылда өсім тек Ресей бағытында байқалған. 2025 жылы Қазақстаннан Ресейге 224,5 млрд теңге аударылып, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 14,5%-ға артық.

Ал басқа бағыттарға аударылған ақша азайған. Мәселен, Өзбекстанға 222,8 млрд теңге жіберіліп, бұл көрсеткіш 23,1%-ға азайған. Түркияға аударымдар 112,9 млрд теңгені құрап, 2,4 есеге қысқарды.

Грузияға жіберілген қаражат көлемі 43,3 млрд теңге болып, 1,6 есеге азайған. Қырғызстан бағыты бойынша аударымдар 24 млрд теңгеге дейін төмендеп, 3,1 еселік қысқару тіркелді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: