Бейсенбі, 09 қазан, 12:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Суармалы су беру келісімшарттары цифрландырылады

09.10.2025

117 0

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Келесі жылы 1 қаңтардан бастап «Қазсушар» РМК мен су пайдаланушылар арасындағы суармалы су беру бойынша келісімшарттар онлайн форматта ғана жасалады. Бұл шара – судың «көлеңкелі нарығына» тосқауыл қоюды көздейді, деп жазады Egemen.kz.

Өтінім қабылдау, келісімшарт жасау және төлем жүргізу үдерістерін автоматтандыруға арналған арнайы биллинг жүйесін әзірлеп жатқан Су ресурстары және ирригация министрлігі қараша айында биллинг жүйесін пилоттық режимде іске қосуды жоспарлап отыр.

Сала министрлігінің мәліметінше жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін «Қазсушар» РМК су пайдаланушылармен электронды келісімшарттар жасайды, ал төлемдер екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асады.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша келесі жылдан бастап барлық келісімшарт электронды форматта рәсімделуі керек. Бұл талап шаруа қожалықтарына, өндірістік кәсіпорындар мен басқа да су пайдаланушыларға бірдей қолданылады.

«Төлем де тек қана электронды түрде жүргізілуі керек. Бұл бөлінген су ресурстарының ашықтығы мен нақты есебін қамтамасыз ету үшін қажет. Бұрынғы келісімшарттарды да жүйеге енгізу қажет», деді Н.Нұржігітов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: