Сурет: newtimes.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың нақты секторын несиелендіруді кеңейту және халықтың қарыз жүктемесін азайту шаралары туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Экономиканың нақты секторын қолжетімді және тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету және халықтың қарыз жүктемесін азайту мақсатында Мемлекет басшысы мынадай шешім қабылдады.
Үкімет Ұлттық Банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп:
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатының елу пайызына дейін инвестициялық басқарушы компанияларға аудару бөлігінде құқықтарын кеңейту жөнінде шаралар қабылдасын;
2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін екінші деңгейдегі банктер мен кредиттік бюроларды заңды тұлғалар, олардың кірістері мен мүлкі туралы мемлекеттік деректер базаларымен интеграциялауды қамтамасыз етсін.
Үкімет Ұлттық Банкпен және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп 2023 жылғы 1 мамырға қарай «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шарттарын қайта қарайды, оның ішінде:
экономиканың басым салаларында бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайту;
экономика салаларының басымдылығына қарай сараланған субсидия мөлшерлемелерін белгілеу.
Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп:
2023 жылғы 30 сәуірге дейін синдикатталған қаржыландыру және екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп қаржыландыру арқылы инвестициялық жобалар пулын іске асыру бойынша жол картасын қабылдау;
2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін: уақытша жер пайдалану құқығын кепіл ұстаушыға беру және оны кейіннен жер пайдалану құқығын сатып алмай жүзеге асыру; стратегиялық объектілерді қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерінің жер қойнауын пайдалану құқығын сату жөніндегі конкурстарға жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органның міндетті рұқсатынсыз қатысу;
салық саясаты тәсілдерінің мына бөліктерін қайта қарау: Ұлттық Банктің ноталары бойынша банк табысына салық салу; жеке тұлғалардың микрокредиттері бойынша берешегін есептен шығаруға (кешіруге) байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістеріне салық салудан уақытша (үш жылға) босату; коллекторлық агенттіктер берешекті есептен шығарған (кешірген) жағдайда жеке тұлғалардың кірістеріне салық салудан босату.
Үкімет 2023 жыл 31 желтоқсанға дейін:
Астық қолхаттары айналымының электрондық мониторингінің тиімділігін арттыру және астық көлемі мен айналымы туралы сенімді ақпарат алу процестерін цифрландыру арқылы астық қоймаларындағы (силостар мен астық қабылдау пункттері) астық көлемі мен сапасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен бірлесіп, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кепілдігі бар астық қолхаттарының берік кепілдіктер санатына қосылуын қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп кәсіпкерлікті жеңілдетілген лизингтік қаржыландыруды көздейтін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде республикалық бюджеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектордың қаражаты есебінен сенімділік критерийлеріне сәйкес келетін жеке лизингтік компанияларды жеңілдетілген кредиттеуді ұлғайту мәселесін пысықтасын.
Банктерге және микроқаржы ұйымдарына кредит беруді ұлғайту, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің ұйымдарынан агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі салаларындағы жобаларды қоса қаржыландыру тетіктерін кеңейту бойынша шаралар қабылдасын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!