Жұма, 27 желтоқсан, 07:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тоқта, баға!

31.12.2020

7588 0

Өңірлік комуникациялар орталығында әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына байланысты брифинг өтті. Онда облыс орталығындағы күнделікті тұтынатын өнім түрлерінің бағасына байланысты айтылды.

– Қазіргі таңда қалада жұмыртқа жетіс­пеушілігі жоқ. Бұған дейін 4 млн жұмыртқа алынып, дүкен сөрелеріне қойылды. Бүгін тағы 700 дана келеді деп күтілуде. Сонымен қатар қант 7 процент, тауық еті 2 процент, сәбіз 1,9 процент, пияз 1,4 процент, қырыққабат 2,7 процентке арзандатылды. Қалған өнімдердің де бағасы тұрақты. Тұрақтандыру қоры өнімдері 29 әлеуметтік дүкенмен 2 әлеуметтік маркетінде және 4 ірі супермаркетінде халыққа ұсынылуда. Бағаларға күнделікті мониторинг жүргізіліп отырады. Тауық жұмыртқасының тапшы­лығын болдырмау және облыстың бөлшек сауда желілерін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Қостанай, Ақтөбе, Алматы облыстарымен және Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізілді. Осы бағытта тиімді жұмыстар жүргізіліп, аймағымызда өнім бағасы тұрақты сатылуда, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас­шысы Шахмардан Қойшыбаев.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: