Жұма, 06 маусым, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Түркістандық диқандар қарбыздың алғашқы өнімін жинады

05.06.2025

209 0

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы диқандар биылдың алғашқы қарбызын жинап жатыр, деп хабарлайды Aqmeshit Aptalygy ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Судан таршылық көрмеді

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше су шаруаларға дер кезінде жеткізілген.

«Биылғы алғашқы қарбызымызды жөнелтуге дайынбыз. Су жақсы берілгендіктен қарбыз жақсы өсті», – деді Түркістан облысы Тың ауылының диқаны Қуанбай Бексұлтан.

276 мың гектар жер суарылды

Суару маусымы басталғалы бері еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі «Қазсушар» филиалдары диқандарға 2,5 млрд текше метрден астам су берді. Түркістан облысына 1,3 млрд текше метр су беріліп, 276 мың гектар жер суарылды.

«Жетісай ауданында 84,3 мың гектар егіс алқабын суаруға 304 млн текше метр су жіберілді. Оның 97,5 млн текше метрі 13 384 гектар бақша және көкөніс алқаптарын суаруға жұмсалды», – делінген хабарламада.

Ауа райының қолайлы болып, суармалы судың ерте берілуінің арқасында Түркістан облысының диқандары сәуір айының ортасында қырыққабаттың алғашқы өнімін жинады. Ал мамыр айының соңғы онкүндігінде қауынның алғашқы өнімін жинады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: