TurboMoney брендімен жұмыс істейтін «аФинанс Микроқаржы ұйымы» қызметі үш айға тоқтады. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақстан қор биржасында жарияланған мәліметке сүйене отырып хабарлайды.
Микроқаржы ұйымының KACE-дегі мәлімдемесінде қызметті уақытша тоқтатуға Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің (ҚНДРА) шешімі себеп болғаны айтылған. Ұйым құзырлы органның жазбаша түрде ескертуіне құлақ аспаған.
Дегенмен TurboMoney қызметі уақытша тоқтағанын, оның инвесторлар алдындағы міндетін орындауға кедергі болмайтынын ескертіп отыр. Микроқаржы ұйымы 2026 жылы 4,7 млрд теңге түсім табуды көздейді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана қарызға ақша беретін Qanat Finance ұйымы да үш ай қызметін тоқтатқан. Ал оның алдында микроқаржы ұйымымен, коллектормен сөз байласқан нотариустар жабылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
