Дүйсенбі, 15 желтоқсан, 02:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,1% азайды

14.12.2025

61 0

Фото: Ұлттық статистика бюросы

2025 жылғы қараша айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 973 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 751 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша — 31 222 мәміле жасалды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

2025 жылғы қазанмен салыстырғанда (41 259) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,1% азайды. Мәмілелер саны бойынша Астана (8 861 — 22,2%) және Алматы (7 443 — 18,6%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 731 — 6,8%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз — 339 мәміле (0,8%).

2025 жылдың қазанымен салыстырғанда қарашада мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+19,7%), Қостанай (+19,5%) және Жетісу (+14,2%) облыстарында байқалды. Ал Маңғыстау (-17,7%), Ақмола (-15,2%) және Атырау (-12,7%) облыстарында бір айдағы ең көп төмендеу анықталды.

Бір айдың ішінде көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 4,1% (1 320 мәмілеге) азайған. 2025 жылдың қараша айында пәтерлер бойынша барлығы 31 222 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,1%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (27,9%), Алматы (21,9%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,3%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың қараша айында олар бойынша 11 888 мәміле ресімделген.

Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 0,4% (34 мәмілеге) өсті. Қарашада барлығы 8 751 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+33,6%), Жетісу (+25,4%) және Абай (+11,3%) облыстарында байқалды. Ал Маңғыстау (-12,8%) облысында, Шымкент (-12,1%) қаласында және Ұлытау (-11,3%) облысында бір айдағы ең көп төмендеу тіркелді.

2025 жылғы қарашада тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 1,4% өскен, ол кезде 39 421 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Жетісу облысында (31,3%) байқалды, ең үлкен төмендеу — Ұлытау облысында (-31%). 2025 жылдың қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-қараша айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,3% өсім байқалды.

Бір жылда (2025 жылғы қараша 2024 жылғы қарашаға) жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 15,5%, қайталама нарықта пәтерлерді қайта сату бағалары 14,3% жоғарылады. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 11,9% өсті.

Өңірлер бөлінісінде жаңа тұрғын үйдің бағасы жылдық мәнде келесі қалаларда едәуір қымбаттады:

Алматы — 19,9%,

Павлодар — 19,6%,

Қонаев — 17,5%,

Астана — 17,4%.

Қайталама нарықта баға өсімі:

Алматы (23%),

Ақтөбе (19,4%),

Павлодар (17,5%) қалаларында байқалды.

Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында:

Павлодар (36,9%),

Ақтөбе (34,3%),

Петропавл (25,6%),

Қызылорда (19,7%),

Өскемен (18,9%)

Астана қалаларында (17,7%) тіркелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: