Сенбі, 22 қараша, 22:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

«UBM Group» екі зауытқа 58 млн$ инвестициялайды

22.11.2025

44 0

Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек директорлар кеңесінің төрағасы Акош Варга бастаған мажар «UBM Group» компаниясының басшылығымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында «UBM Group» компаниясы Алматы және Қостанай облыстарында премикс және құрама жем зауыттарын салу жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. Инвесторлар серіктестермен келіссөздердің жай-күйі, бірлескен кәсіпорындар құру, дайындық жұмыстары және бірінші кезеңді іске асырудың келісілген кестесі бойынша келесі қадамдар туралы хабарлады.

Бірінші кезеңнің аясында компания 58 млн АҚШ долларынан астам инвестиция салып, екі зауыттың құрылысын жоспарлап отыр. Өндірістік қуат жылына 48 мың тонна премикс және 200 мың тонна құрама жем болмақ. Өнім Қазақстан, ЕАЭО және Қытай нарықтарына бағытталады.

Компания «AsiaAgroFood» АҚ-мен («KazFoodProducts» тобы) премикс өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды және «Eco Broiler Ltd» компаниясымен Қостанай облысында құрама жем зауытын салу жөніндегі келіссөздерді аяқтап келеді. Сонымен қатар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен Инвестициялар туралы келісімге қол қою мәселесі талқылануда.

Ә.Қуантыров атап өткендей, «UBM Group» жобасы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі қайта өңдеу секторын күшейтіп, жем-шөп базасының сапасын арттырады және импортқа тәуелділікті азайтады. 

UBM Group жобасын біз Қазақстандағы терең өңдеу мен заманауи жем өндірісін қалыптастырудың маңызды қадамы деп санаймыз. Компанияның технологияларды жергіліктендіруге және ұзақ мерзімді жұмысқа дайын болуы біз үшін маңызды. Мемлекет тарапынан жобаның тиімді әрі уақтылы іске асырылуы үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі, – деді ол.

Өз кезегінде А.Варга жоспарланған жобаның Қазақстандағы өнеркәсіптік көлемде премикс өндіретін алғашқы және ең ірі құрама жем өндіруші кәсіпорын болатынын, бұл елдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі өңдеу деңгейін сапалы жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Біз Қазақстанды стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз және бұл өндіріс фермерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенеміз. Премикс пен құрама жемнің жергілікті өндірісі мал өнімдерінің өзіндік құнын төмендетіп, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және жеткізілімнің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Біз саланы ұзақ мерзімді дамытуға инвестиция салып, үздік технологиялық шешімдерді енгізуге дайынбыз, – деді А. Варга. 

Кездесу барысында тараптар инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімдерін таңдау, газ және электр желілеріне қосылу, сондай-ақ жобаны іске асырудың келесі кезеңдері бойынша мәселелерді талқылады. «UBM Group» жоспарына сәйкес, алғашқы зауыттардың іске қосылуы 2027 жылдың I тоқсанына жоспарланған.

Сонымен қатар компания екінші кезеңде Қарағанды және Түркістан облыстарында тағы екі құрама жем зауытының құрылысын бастауды жоспарлап отырғанын растады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: