Сәрсенбі, 22 қазан, 19:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Үкімет тосын дағдарысқа жол бермейді: жаңа қорғаныс жоспары жарияланды

22.10.2025

52 0

Фото: gov.kz

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен брифингте елде дағдарыс бола ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жоқ, қазақстандықтарға ешқандай дағдарысқа дайындалудың қажеті жоқ. Өйткені біз қазір ішкі де, сыртқы да экономикалық соққыларға қарсы тұра алатын берік қаржылық қорған қалыптастырып жатырмыз. Сол себепті келесі жылы Ұлттық қордан нысаналы трансферт бөлмеу туралы шешім қабылдадық, – деді ол.

Министрдің айтуынша, Ұлттық қор – елдің басты қаржылық қалқаны.

Ұлттық қор – кез келген экономикалық күйзелістен қорғайтын сенімді тірегіміз. Қазір біз оның жинақтау және тұрақтандыру функциясын күшейтуге басымдық беріп отырмыз, — деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: